Қарағанды ​​облысында "Өзіміз ғой Арай" чатын құрған адам ұсталды

0
1 305

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қарағанды ​​облысында

ERNUR.KZ. ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі тергеп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50 пайыздан 300 пайызға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде етіп, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банк қосымшасы арқылы аударылған.

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеулер бойынша, "Өзіміз гой Арай" чатында 100-ден аса қатысушы анықталды, қазір "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.