Қарағанды облысында судья ұсталды

0
2 373

​Ұсталған адамның аты-жөні мен пара мөлшері, басқа да мәліметтер тергеу мүддесіне сай жарияланбай отыр.


Қарағанды облысында судья ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын пара алып жатқан жерінде ұстады", - деп хабарлады облыстық сот.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай жарияланбайды, деді соттағылар.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде сенбі, 6 ақпанда 30 мың еуро көлемінде пара алып жатқан жерінде судья ұсталды деген ақпарат тарады.