Қарағанды облысында жалғызбасты зейнеткерлерге пәтер берілді

0
456

Ботақараның екі тұрғыны жаңа бір бөлмелі пәтер алды.


Қарағанды облысында жалғызбасты зейнеткерлерге пәтер берілді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Ботақара кентінде екі зейнеткерге пәтер кілті табысталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ботақараның екі тұрғыны жаңа бір бөлмелі пәтер алды. Жалға берілетін тұрғын үй жалғызбасты зейнеткерлерге бөлінген.

«Жаңа пәтерлерді Людмила Соломко мен Вера Накалюжная алды. Людмила Николаевна ұзақ жылдар бойы ауруханада фельдшер болып жұмыс істеді. Ол бұрын көппәтерлі тұрғын үйде тұрды, бірақ қазір тұрғын үй апатты жағдайда. Вера Андреевна да барак үлгісіндегі үйде жалғыз тұрған, бірақ шатыры құлап қалған», – деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Әбжанова.

Екі зейнеткер жаңа екі қабатты үйден бір бөлмелі пәтерден алды.

Қоныс тойын тойлағандарды аудандық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Айнагүл Ысқақова, АЖҚ және ӘББ басшысы Гүлжан Әбжанова және Ботақара әкімінің міндетін атқарушы Нұрдәулет Рамазанов құттықтады.