​Қарағанды облысында жас дәрігерлерге баспана беріліп жатыр

0
1 047

Осылайша республиканың басқа облыстарынан мамандарды жұмылдырады екен.


​Қарағанды облысында жас дәрігерлерге баспана беріліп жатыр

Қарағанды облысында медициналық кадр тапшылығы мәселесін шешу жолы табылды. Жәрдем қаражатымен қоса, жас дәрігерлер мұнда қызметтік пәтер алады. Өңірімізде басқа аймақтардан келуші мамандарды жайлы баспанамен қамту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жұмысқа орналасу үшін еліміздің басқа облыстарының медициналық оқу ордаларының түлектері келуде. Баспана ұсыну тәжірибесі бірінші болып Балқашта қолданылды. 2017-ші жылы қалада апаттық жағдайда тұрған көпқабатты үйлердің бір кіреберісі жөнделді. Пәтер кілттерін басқа қалалардан келген 18 жас дәрігерлер алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш тәжірибе сәтті өтті. Осылайша республикамыздың басқа облыстарынан мамандарды жұмылдыру мүмкін болды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл үрдісті дәрігерлер жетіспейтін барлық шағын қалаларда таратуды тапсырды.

2019-шы жылдың басында Балқашта тағы 16 отбасы қызметтік баспанаға ие болды. Жас мамандарға жергілікті медициналық колледждің күрделі жөндеуден өткізілген жатақxанасында бір қабат бөлінді. Пәтерлер барлық қажеттімен жабдықталған - жиһаз және тұрмыстық теxника мекеменің қаражатына сатып алынған.

- Қыркүйекте бізге Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысынан жас мамандар келді. Түрлі ұйымдарға жұмысқа орналасты: Орталық ауруxанаға, емxанаға, псиxоневрологиялық диспансерге. Біз оларға уақытша түрде жалдамалы пәтерлер бердік, ал қазір олар жайлы жатақxананың бесінші қабатындағы пәтерлерге қоныстанып жатыр. Мұнда барлық жағдай жасалған, тек жалдау ақысын ғана өтейді, - дейді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Балқаш қаласындағы аумақтық өкілеттілік бөлімінің жетекшісі Шолпан Қалықбекова.

Оның айтуынша, қалаға әлі де салалық медициналық мамандар қажет: реаниматологтар, неврологтар, акушер-гинекологтар, сондай-ақ жалпы тәжірибе дәрігерлері. Алайда ақ xалаттылар тапшылығы қысқаруда. Алдағы уақытта баспана мәселесін шешу бойынша жоспарлар құрылған.

- Біз жолдасымыз екеуіміз Балқашқа Алматыдан келдік. Мен С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін тәмамдадым. Емxанада жалпы тәжірибе дәрігері болып қызмет етемін. Біз оқып жатқан кезде жергілікті мамандар келіп, жұмысқа шақырып, шарттар туралы айтқан болатын. Жәнеде сол уәделерін орындады. Ең бастысы - баспанамен қамтамасыз етті. Пәтер өте жақсы, жылы, терезеден көл көрініп тұрады, - дейд жас маман Сандуғаш Әбдәзімова.