Қарағанды облысының тұрғындарына су тасқынынан келтірілген залал үшін өтемақы төленеді

0
523

Бүгінгі таңда су қоймаларында су төгінділері азайды.


Қарағанды облысының тұрғындарына су тасқынынан келтірілген залал үшін өтемақы төленеді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында су тасқыны төмендеп, билік залалды есептей бастады. Шет ауданы ең көп зардап шекті, онда төтенше жағдай жарияланды және 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Бірақ, екі ауданда өзендер деңгейі әлі де бақылауда. Өйткені 3 елді мекенге қауіп төніп тұр. Су тасқынына жол бермеу үшін жағалау құмы салынған қаптармен қоршап қойған. Алайда, толып кету салдарынан бірнеше жолдар әлі жабық, бүгін олар суды өткізу үшін Қарой ауылына жол қазды. Шет ауданында тұрғындар үйлеріне оралып, жолдарды қалпына келтіріле бастады. Халық жұмылып аулалардан су ағызуды жалғастырып жатыр.

Қарағандыда гуманитарлық көмек жинау бойынша штаб ашылды. Аудандарға азық-түлік, киім-кешек, жеке күтім құралдары, матрацтар, резеңке аяқ киімдер, генераторлары бар бірнеше көлік жіберілді. Шет ауданы әкімінің айтуынша, оларға үш рет азық-түлік әкелінген. Тұрғындар үнемі дәрігердің бақылауында. Комиссиялар үйлерді аралайды, сарапшылар зиянды бағалайды.

"Барлық залал толық бағаланады: үйлердің, жиһаздардың, техниканың зақымдануы, өлген малдың саны. Алдын ала мәліметтер бойынша, Красная поляна ауылында 3 үй, Дербісәлі ауылында 1 үй және Ақсу ауылында 1 үй құлауы мүмкін. Сенбіге дейін біз залалды есептеуді жоспарлап отырмыз, келесі аптаның соңына қарай тұрғындарға төлейміз." деп жауап берді Шет ауданы әкімінің орынбасары Орал Ыстыбаев.