Қарағандыда бұрынғы полицей өзін атып өлтірді

0
466

Қайғылы оқиға 10 маусымда болған.


Қарағандыда бұрынғы полицей өзін атып өлтірді

ERNUR.KZ. Қарағандыда ер адам өз үйінің ауласында өзін атып тастады, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға 10 маусымда болған. Алайда бұл туралы бүгін, 12 маусымда белгілі болды. Әлеуметтік желіде бұрынғы полиция қызметкерінің балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып, үйіне қайтып келіп, өзін атып тастағаны туралы хабарлама пайда болды.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"10 маусымда Қарағандыда өз үйінің ауласынан өз қаруынан оқ атқан 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды.Факті полицияда тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп түсіндірді ведомстводан.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметінен босатылғанымен келіспеген экс-полицей мұнараға көтерілген болатын.