Қарағандыда кәріз құдығынан құтқарылған екі адам ауруханада қайтыс болды

0
969

Үй иесінің ұлы оқиға орнында жан тапсырған болатын.


Қарағандыда кәріз құдығынан құтқарылған екі адам ауруханада қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда кәріз құдығына құлап, құтқарушылар алып шыққан екі ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Кәріз құдығынан шығарылған екі ер адам Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, зардап шеккендердің екеуін де құтқару мүмкін болмады»,-деп түсіндірді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауруханаға ер адамдар клоач газымен (күкіртсутек және аммиак) улану диагнозымен жеткізілген еді.

Еске сала кетейік, кеше түнде 59 жастағы қарағандылық кәріз жүйесін тазартпақ болып, сол құдыққа құлап кеткен болатын. Оны құтқару үшін құдыққа ұлы мен көршісі түскен.

Алайда, олар өз күшімен кәріз ағынынан шыға алмады. Нәтижесінде үш ер адамды Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері алып шықты. Үй иесінің ұлы оқиға орнында жан тапсырғанын жазған болатынбыз..