Қарағандыда полицейлер мал ұрлаушылардың үш тобын қамады

0
1 500

Арқадағы шаруаларға милллондаған шығын келтіріп жүрген барымташылардан 10 күдікті бүгінде тергеу изоляторына тоғытылған.


Қарағандыда полицейлер мал ұрлаушылардың үш тобын қамады

Иллюстрияциялық фото: radio7.kz

ERNUR.KZ Қарағанды блысында "Мал ұрлығы" профилактикалық шарасы барысында үш топ барымташылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгде бұл топтардың 10 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың іс-әрекеттерімен келтірілген залал миллиондармен есептеледі. Бірінші топ еркін жайылған 14 бас ірі қара малын ұрлап, иесіне 14 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Екінші топ ауыл шаруашылық малын ұрлап, 300 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Сонымен қатар, ұсталған азаматтар тергеу әрекеттерін жүргізу барысында тек облыс аумағында ғана емес, Павлодар облысының аумағында да жасалған 16 ұқсас қылмысты мойындады. Үшінші топ жылқыны ұрлап, миллион теңгеден аса шығын келтірген.

"Полиция департаменті облыс тұрғындарына кезекті рет малды қараусыз қалдырмауға, сондай - ақ міндетті түрде мал басын таңбалау және сырғалау, ұжымдық жайылымды ұйымдастыру және үш жақты хаттамаларды жасау қажеттілігі туралы өтініш жасайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері бұрын жасалған 20 қылмысты ашты. Сондай-ақ, ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында тиісті құжаттарсыз ет өнімдерін тасымалдаудың 23 фактісі анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.