Қарағандыда сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана табылды

0
1 104

Қарағанды қаласында қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылған болатын.


Қарағандыда сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының полицейлері қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Қарағанды қаласында Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен 1 айлық сәби табылған болатын. Нәрестені жедел жәрдем бригадасы тексеріп шығып, дене жарақаттарын таппады.

«Полиция департаментінің басшылығы нәрестенің анасын анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметінің тәжірибелі мамандарынан тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуір күні 22 жастағы нәрестенің анасы анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.