Қарағандыда жас келіншекті екі баласымен бірге көлік қағып кетті

0
323

27 жастағы жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті.


Қарағандыда жас келіншекті екі баласымен бірге көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Қарағандыда 24 жастағы әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті. Үшеуінің де жағдайы ауыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 08:50-де Қарағандыда 14-шағынауданындағы автостанция маңында болды.

«Audi» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі автостанцияға қарай жүріп келе жатып, жолды белгіленбеген жерден өтпек болған жаяу жүргіншілерді – анасы мен екі баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы әйел мен оның 3 және 5 жасар балалары медициналық мекемеге жеткізілді«, - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен бір баласының жағдайы ауыр.

»Бір бала мен әйел №1 көпбейінді ауруханаға, өте ауыр және ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылды. Екінші бала Мақажанов клиникасында тексеріліп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілді. Жағдайы орташа«, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.