Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты тың дерек шықты

0
225

Сот отырысы онлайн өтіп жатыр.


Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Қарағандыға шақыртуға келген жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дакебаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дакебаевқа Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы 5-тармақшасы, яғни бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша айып тағылып отыр.

Сот отырысы барысында Нұрболат Дакебаев судья қойған сұрақтарға жауап берді.

Сотталушының айтуынша, ол ажырасқан, қазір ресми некеде тұрмайды. 2008, 2015 және 2020 жылғы үш қызы бар. 15 жастағы үлкен қызы Шымкентте өзімен бірге тұрады.

Бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған, ешқандай есепте тұрмайды.

Нұрболат Дакебаев пен оның адвокаты сот барысында өздерін видеоға түсірмеуді сұраған. Судья олардың өтінішін қанағаттандырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда қызылшамен ауырған бір жасар балаға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне белгісіз ер адам келіп қоқан-лоққы жасайды. Ашуға бой алдырған ол жүргізушіні соққыға жығады. Оқиға осы жылдың басында болған еді.

Кейін жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті қашып бой тасалаған. 1 ақпанда күдікті Нұрболат Дакебаев ұсталды.