​Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады

0
592

26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды.


​Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады

ERNUR.KZ. Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы арызбен шағымданып, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы жазған, деп жазады zakon.kz.

Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды.

Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.