Автордың айтуынша, бағдарламаны жасап шығаруға бір жарым айдай уақыт жұмсалған.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті мәтінді латын жазуына аударатын конвертор жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Біздің университет «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуда. Мен ойлап тапқан бағдарлама арқылы бірнеше минуттың ішінде-ақ А4 форматындағы 500 бетке дейінгі мәтіндерді аударуға болады. Ондағы суреттер мен кестелер де кедергісін келтірмейді», - дейді Мағжан Өмен.
Автордың айтуынша, бағдарламаны жасап шығаруға бір жарым айдай уақыт жұмсалған.
«Қыркүйек айында факультетіміздің деканы студенттерге арнайы міндеттер жүктеді. Нәтижесінде менің ұсынған нұсқамды қолдады. «Болашақ - менің арманым» стартапына қатысып, жартылай финалға шықтым. Енді ұялы телефондарға арналған латынға аударатын қосымшаны жасап шығарсам деймін», - деді студент.
Мағжан Өменнің бағдарламасы бүгінде университетте қолданылады.