Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

0
618

Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.


Қарақалпақстанда қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды

ERNUR.KZ. Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты елден шыға алмай қалған қазақстандықтар үшін жедел штаб құрылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандықтар мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: +9989 61 2248206, +998993858644. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Келесі мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А.

Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимі 3 шілде басталды, 2 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Осыған байланысты 80-ге жуық қазақстандық бірнеше күн бойы Өзбекстаннан шыға алмай жатыр.