Карантин: 2 қарашадан бастап Қызылорда облысында жаңа қаулы күшіне енеді

0
850

Облыста кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілген.


Карантин: 2 қарашадан бастап Қызылорда облысында жаңа қаулы күшіне енеді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жаңа қаулы күшіне енетін болды. Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, оның №25 қаулысы 2 қарашадан бастап күшіне т. Қаулыда көрсетілгеніндей, облыс аумағында кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиынына рұқсат берілген. Сауда, ойын-сауық орталықтары, жабық базьарлар сенбі күні де қызьмет көрсете алады. Тек жексенбі мен мереке күндерінде олардың жұмысына шектеу қойылды.

«Дүйсенбіден бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастауға шешім қабылданды. Бұл орындар санитарлық талапты қатаң сақтау арқылы 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмысын жүргізеді. Кинотеатрлардың толтырылуы 30 %-дан аспауы тиіс. Айта кетерлігі, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әрбір кино көрсетілер алдында дезинфекция жүргізілуі қажет», - деді Ә. Әбдіқайымова.

Облыстың бас т санитарттиялық дәрігерінің айтуынша, күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа қысқартылып, олар қызметін 22:00-ге дейін жүргізетін болды.

«Ал ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға болмайды. Оған қоса спортшылардың елімізден тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салу жалғасады», - деді Ә. Әбдіқайымова.