Қоғамдық қордың психологтары баланың жағдайын талдап, "кәмелетке толмаған бала ауыр психологиялық зардап шеккен" деген қорытындыға келді.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында өгей әке баласын үнемі жұдырықтың астына алып келген, деп жазады zakon.kz.
Бұған шыдамаған баланың әжесі полицияға арызданды.
Полицияның айтуынша, өгей әкесі баласын карантин кезінде сабақты үйде оқығандықтан, мектеп бағдарламасын дұрыс түсінбегендіктен әдбен сабаған. Жалпы, тез ашуланатын ер адам өз тапсырмасын жылдам орындамағаны үшін балаға жиі қол көтеретін болған.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі, яғни "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Арнайы комиссия құрылды, басқа мемлекеттік органдар, қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылды. Қоғамдық қордың психологтары баланың жағдайын талдап, "кәмелетке толмаған бала ауыр психологиялық зардап шеккен" деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың кәмелетке толмағанның заңды өкілдерін ата-ана құқығынан 6 айға шектеу туралы шешім қабылдағаннан кейін, бала әжесінің уақытша қамқорлығына берілді.