Қараша айында Тарбағатайда суға кеткен 20 жастағы балықшының денесі табылды

0
733

Қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қараша айында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп үйге оралмаған.


Қараша айында Тарбағатайда суға кеткен 20 жастағы балықшының денесі табылды

ERNUR.KZ. Былтыр қараша айында Қара Ертіс өзенінде суға батып кеткен 20 жастағы балықшының денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін 19 сәуірде Тарбағатай ауданы Зайсан көлінде Тұғыл кентінің тұрғындары суға кеткен 1990 жылы туған екінші балықшының денесін тауып, судан шығарды», делінген хабарламада.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қараша айында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп үйге оралмаған.

Құтқарушылар оларды 26 күн ішінде 6-9 метрге дейін тереңге 145 рет сүңгіп су астынан іздеді. Іздеу жұмысы 16,291 шаршы шақырымдай жерде жүрігізілді, алайда нәтиже болмады.

16 сәуірде облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмысын қайта бастап, Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңында 40 жастағы суға батып кеткен балықшының денесін тапты.

Қайықпен іздегендер балықшының өлі денесін оқиға орнынан 30 шақырым жерден тапты.