Қарашығанақ кен орнында жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру тоқтатылады

0
560

1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі сұйық газ кен орындарының бірі болып саналады.


Қарашығанақ кен орнында жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндіру тоқтатылады

ERNUR.KZ. Қазақстандағы Қарашығанақ сұйық газ кен орнын игерушілер жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында мұнай өндіруді тоқтатпақ, деп жазады sputnik.kz.

Ақпаратты энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарашығанақта мұнай өндіруді тоқтатып, кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлады энергетика министрлігі.
Айта кетері, 1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі сұйық газ кен орындарының бірі болып саналады. Ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километрден астам аумақты алып жатыр.
Қарашығанақ жобасы Қазақстан үкіметі мен Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%), "Лукойл" (13,5%) және "Қазмұнайгаздың" (10%) атынан жұмыс істейтін шетелдік компаниялар альянсы арасында жасалған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.