Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталғаны белгілі болды

0
709

Бұрынғы төраға Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр.


Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталғаны белгілі болды

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, бұрынғы төраға Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр.

Осы іс бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегіне қатысты қосымша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

"Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен К әрім Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - "А" арнайы мақсаттағы қызмет бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілі тергеу жалғасатынын мәлімдеді.