Кітап 210 беттен тұрады.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтің жасанды интеллект жөніндегі кітабы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Следующий властелин мира. Искусственный интеллект» аты 27 қыркүйекте жарық көрген кітап «ЛитРес» электронды кітаптар сервисінде жарияланды.
«Жасанды интеллектінің таралуы артып келе жатқандықтан біз медицина, биоинженерия, робот техникасы, ғарышты игеру және қаруландыруда бұған дейін білмеген салалардың және серпінді инновациялардың пайда болуын айқындайтын жаңа дәуірдің куәгері болудамыз. Автор рет-ретімен жасанды интеллекті дамуының негізгі кезеңдеріне толық шолу жасай отырып, ЖИ-ны қазіргі күнделікті өмірде қолданылуына көшеді, бірқатар елдердің жасанды интеллекті стратегиясының ұлттық ерекшеліктерін ұсынады», - делінген 210 беттен тұратын кітаптың сипаттамасында.