"Қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі": Қазақстандық жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуі керек

0
613

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлеміндегі АЕК қолданылады.


ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелеріне 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керек екенін ескертті, деп жазады stan.kz.

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлеміндегі АЕК қолданылады.

Соманы kgd.gov.kz веб-порталындағы есептегіштің көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сомалар туралы ақпарат 2024 жылдың 15 наурызынан кейін "Kaspi Bank" АҚ және "Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберіледі.

"2024 жылдың 2 сәуірінен бастап төлемегендерге салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, содан кейін қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі", – делінген хабарламада.