Халық пирамидаға 20 мыңнан 5 млн теңгеге дейін ақша салған
Қаржы пирамидасын құрған өскемендік азаматтар 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZPolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өскемен қаласының 60 және 57 жастағы тұрғындары қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардан 55 млн теңге жымқырған. Біреуі қаржы пирамидасындағы инвесторлардың тізімін құрумен айналысса, екіншісі «Ақша ағыны» тобының әкімшілік басшысы қызметін атқарды, топқа жарнамалар жіберіп, жаңа инвесторларды іздестіріп, қаражат туралы есеп беріп отырған.
Халық пирамидаға 20 мыңнан 5 млн теңгеге дейін салған. Олар инвесторларға салған қаражаттары Ресей Федерациясындағы “Монолит” құрылыс компаниясына аударылып, барлық пайда сол жерден түсетініне сендірген.
Адамдарды тарту мақсатында пирамиданы жасаушылар инвесторлардың қатысуы бойынша жұмысты жандандыру және жиналған қаражаттың кірісін арттыру мақсатында жәрмеңкелер жариялап, т.б. қаржы пирамидасындағы инвесторлар арасында бағалы сыйлықтар ойнатқан, яғни белгілі бір уақыт ішінде ақша салған алғашқы 3 адамға алтын сырғалар сыйға тартылды. Осылайша, әйелдер жалпы 43 инвесторды 55 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен.
Сот күдіктілерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, қылмыстық іс қозғалып, осы бап бойынша жеті жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Сотталғандар Абай облысындағы қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде жазасын өтеп жатыр, олар жұмысқа орналасқан. Бір сотталушы аспазшы, екіншісі тазалықшы болып жұмыс істейді. Олар алған жалақыларынан талап-арыздарын төлеп, жақындарына көмек көрсетіп жатыр», – дейді Абай облысы бойынша ҚАЖД № 21 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Даурен Бугилбаев.