Қаржылық пирамида салымшыларына 123 млн теңге қайтарылды

0
412

Ұйымдастырушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.


Қаржылық пирамида салымшыларына 123 млн теңге қайтарылды

ERNUR.KZ. ҚМА жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «B2B Jewelry» қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 млн теңге қайтарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске салайық, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын», - делінген хабарламада.