Кәсіпкерлер рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді

0
2 484

Нұр-Сұлтанда 10 жүргізушіге 460 мың теңге айыппұл салынды.


Кәсіпкерлер рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді

Санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ елорда аумағының экологиялық жағдайын сақтау мақсатында қалада құрылыс объектілерінің тиісті қағидаларды сақтауы және Экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау тұрғысынан рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін...) бойынша шағын және орта бизнестің 151 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 29 құрылыс ұйымы мен 31 мердігерлік ұйымға жалпы сомасы үш млн теңге айыппұл салынды. Белгіленбеген орында қоқыс шығарғаны үшін жүк көлігінің 10 жүргізушісіне 460 мың теңге айыппұл салынды.