Кәсіподақ ұстаздар мен ғалымдарды сайлауға белсене қатысуға шақырды

0
1 459

95 жылдық тарихы бар Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы - елдегі ең ірі қоғамдық ұйым.


Кәсіподақ ұстаздар мен ғалымдарды сайлауға белсене қатысуға шақырды

ERNUR.KZ. 730 000 мүшесі бар ең ірі қоғамдық ұйым - Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы өз мүшелерін сайлауға белсене қатысуға шақырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусым күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Елдегі ең үлкен қоғамдық ұйым ретінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Президенттің аталған шешімін және оны әділ әрі ашық өткізуге кепілдік беретіндігі туралы президент мәлімдемесін қолдайды және жоғары бағалайды. Кәсіподақ мүшелері осы кезге дейін де ҚР Президентінің және ҚР Парламенті депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасап келді. Сондықтан, одақ өзінің 700 мыңнан астам мүшесін алдағы сайлау науқанына белсенді қатысып, саяси таңдау жасауға шақырады» делінген хабарламада.

Айта кету керек, 95 жылдық тарихы бар Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы - елдегі ең ірі қоғамдық ұйым.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.