Kaspi Bank акциялары қымбаттады

0
437

«Халық банктен» 4 есе қымбат.


Kaspi Bank акциялары қымбаттады

ERNUR.KZ. «Каспий банктің» нарықтағы құны 20 млрд доллар шамасына жетіп отыр, деп жазады 24.kz.

Лондон қор биржасынының ай соңындағы сауда-саттығында қаржы институтының акцияларына бұрын-соңды болмаған баға белгіленді. Осылайша, компанияның капитализациясы 19,6 млрд долларды құрады.

Бұл «Халық банктен» 4 есе қымбат екенін айта кету керек. «Каспий банк» былтыр күзде өз акцияларын ашық саудаға қойды. Содан бері ол үш мәрте қымбаттады. Қазір Қазақстандағы ең қымбат компания саналады.