Kaspi банкрот болады деген қауесетке банк басшысы түсініктеме берді

0
856

Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының төрт жылдай уақыт Kaspi-мен байланысы болмағанын мәлімдеді. Ол 2015-тен 2018 жылға дейін акционерлердің бірі болған.


Kaspi банкрот болады деген қауесетке банк басшысы түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Михаил Ломтадзе Kaspi банкінің банкрот болуы туралы айтылған қауесетті жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол қолма-қол ақшалардың жетіспеушілігі және банктің Қайрат Сатыбалдымен байланысы туралы сыбыстарға түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

Михаил Ломтадзенің айтуынша банкроттық қауіп Kaspi-ге төніп тұрған жоқ.

“Мен Kaspi-ді 2007 жылдан бері басқарып келемін. Міне 15 жылға жуық уақыт өтті. Біздің жетістіктеріміз бен жұмысымыз үшін әрқашан жауапкершіліктемін. Біз ел үшін көп нәрсе жасадық. Сондықтан клиенттер бізді жақсы көреді. біз туралы жалған ақпарат таратып жүрген кейбір жаман ниеттілер жазаланатын болады", - деді Ломтадзе.

Қазақстандағы қолма-қол доллардың тапшылығын уақтша құбылыс екенін жеткізген басшы бұның теңгеге ешқандай әсер етпейтінін айтады.

"Бұл Ресейге қарсы санкциялармен тікелей байланысты уақытша құбылыс. Соның салдарынан әдеттегі маршрут бойынша қолма-қол ақша жеткізу қиынға соғып отыр. Мысалы біз Украина мен Ресейге ұшатын рейстердің қысқартылып, жойылғанын көріп отырмыз. Ұлттық банк қазір қаражатты АҚШ-тан тікелей жеткізуді ұйымдастыру үстінде", - деді ол.

Kaspi басшысы клиенттер әзірге банктің Қайрат Сатыбалдымен байланысы туралы сұрақтар қоймағанын айтты. Бірақ ол бұл туралы жалған ақпарат таратушылардың болатынына сенімді.

Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының төрт жылдай уақыт Kaspi-мен байланысы болмағанын мәлімдеді. Ол 2015-тен 2018 жылға дейін акционерлердің бірі болған.