Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі

0
1 308

Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген.


Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий итбалықтарын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу ұсынысын мақұлдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде видеоконференциялық байланыс арқылы «Гидробиология және экология институты» мен «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысы өтті", - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Сәкен Ділдахмет комиссия отырысында каспий итбалығын (Pusa Caspica) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу ұсынысы қолдау тапқанын жеткізді.
"Итбалықтарды қорғауға ықпал ету үшін және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруға маңызды бастамалардың бірі болмақ", - деді ол.

Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген.