Каспий теңізі арқылы Қазақстанға дейін жаңа көпір салынуы мүмкін

0
449

Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпір Түрікменстан – Қазақстан халықаралық көлік бағытындағы маңызды инженерлік нысан болады.


Каспий теңізі арқылы Қазақстанға дейін жаңа көпір салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Каспий теңізі арқылы Қазақстанға дейін жаңа көпір салуға халықаралық тендер жариялауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түрікмен басшысы Балқан уәлаятына (облыс) жұмыс сапары барысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанға дейін жаңа көпір салу үшін халықаралық тендер жариялауға тапсырма берді.

«Президент Балқан уәлаятындағы Гарабогазгол Каспий теңізімен байланыстыратын автомобиль көпіріне барды. Нысанның жай-күйімен танысқан мемлекет басшысы тиісті басшыларға жаңа көпір салуға және оған апаратын жолды қайта жаңартуға халықаралық тендер жариялауды тапсырды», - деп жазды басылым.

Гурбангулы Бердімұхамедовтің пікірінше, Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпір Түрікменстан – Қазақстан халықаралық көлік бағытындағы маңызды инженерлік нысан болады.

Мемлекет басшысы аталған көпірдің Ашхабад – Түрікменбашы автомагистралымен қосылуы Түркіменстанның өңірдегі көрші елдермен сауда-экономикалық байланысын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ ол Гарабогазгол шығанағында шикізат ресурстарын игеру және онда заманауи жаңа өңдеу өндірістерін құру мәселесін көтерді.