Видеодан бойжеткеннің мұздың ортасында жүргенін көруге болады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желідегі парақшаларда Каспий теңізінің мұзына шомылған қыздың видеосы тарап кетті. Роликтегі бойжеткеннің Ақтау тұрғыны Зарина Андрюшина екені анықталды, деп жазады NUR.KZ.
Бойжеткеннің "Видели видео" атты ресейлік бағдарламаға қатысып жатқаны белгілі болды.
Видеодан Зарина Андрюшинаның мұздың ортасында жүргенін көруге болады.
Ақтаулық арудың видеосын көрген желідегілер оның денсаулығына алаңдап қалған.
Алайда Зарина өзінің бұл ісімен екі жылдан бері шұғылданатынын, тіпті осы арқылы түрлі дертінен айыққанын мәлім еткен.