Каспий теңізіне батып бара жатқан әйел құтқарылды

0
637

Оқиға 29 қаңтарда күндізгі уақытта орын алған.


Каспий теңізіне батып бара жатқан әйел құтқарылды

ERNUR.KZ. Ақтауда суға батып бара жатқан әйелді сүңгуір 8 метр биіктен секіріп құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.

"29 қаңтар сағат 15:50-де Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 телефонына "Самал" шағын ауданында Каспий теңізіне адамның батып бара жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, әйел адамды құтқарды" деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарылған әйел Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылған. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілген.

Құтқару операциясына төрт құтқарушы қатысқан.