Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды

0
620

Мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды.


Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу дерегі тіркелді, деп жазады inform.kz.

«2023 жылғы 12 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды», - делінген хабарламада.

Осы оқиғадан соң қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.