Каспий жағалауында итбалықтар мен бекірелердің өлекселері табылды

0
1 102

Өлекселерді жергілікті әуесқой балықшы Форт-Шевченко маңындағы жағалауға демалуға барғанда тауып алған.


Каспий жағалауында итбалықтар мен бекірелердің өлекселері табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий жағалауынан итбалық пен бекіре балықтарының өлекселерін тапты, деп жазады stan.kz.

Өлекселерді жергілікті әуесқой балықшы Форт-Шевченко маңындағы жағалауға демалуға барғанда тауып алған.

Видеода ол итбалықтар, кефалдар, бекіре және басқа да балықтардың қаңқасы жағалауда шашылып жатқанын айтты. Кей жерлерде үш-бес өлексе жатқан. Өлекселердің арасында тіпті итбалықтардың күшіктері де бар.

"Уақыт өте келе құм басқан тағы қанша өлексе бар!? Мен мұны бірінші рет көріп тұрмын! Бұл жерді экологтардың толық тексеруі керек екені анық!" – деп шағымданды видео авторы.

Маңғыстау облысының Экология департаментіне экологиялық ахуал бойынша сауал жолдады.