Каспийде сап-борд тепкен екі ер адам жағалаудан 8 шақырым алыстап кеткен

0
459

Олардың жағаға шығуына құтқарушылар көмектесті.


Каспийде сап-борд тепкен екі ер адам жағалаудан 8 шақырым алыстап кеткен

ERNUR.KZ. Қараңғыда теңізге шыққан Маңғыстау тұрғындары қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Куәгерлер олардың көмекке мұқтаж екенін көріп, құтқарушыларға жүгінді. ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке жедел жетті.

Олар 1993 және 1994 ж.т. жастарды тауып, жағалауға жеткізді. Ерлердің жағдайы тұрақты.

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.