Каспийде шағалалар қырылды: құс тұмауына қарсы қосымша вакцина бөлінді

0
819

Жалпы республика аумағында биыл 16 370 180 үй құсы жоғары патогенді құс тұмауына қарсы егіледі деп жоспарланған.


Каспийде шағалалар қырылды: құс тұмауына қарсы қосымша вакцина бөлінді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті Атырау облысындағы құс тұмауына қарсы вакцинаның 6,2 мыңнан астам дозасын бөлді, деп жазады sputnik.kz.

Маусым айында Каспий теңізінде шамамен 78 км қашықтықта DS-04, DS-01 жасанды аралдар ауданында 1 мыңнан астам шағаланың өлексесі табылған еді. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта өлген құсқа зертханалық зерттеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша екі құстан алынған сынамаларда құс тұмауының вирусы анықталды. Осы сынамалар диагнозды қайта растау үшін ХЭБ (Ұлыбритания) референттік зертханасына жіберілді.
Шұғыл шаралар өткізу және үй құстары арасында инфекцияның таралуын болдырмау үшін АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан жоғары патогенді құс тұмауының қауіп төндіретін аймақтарында барлық құс басын вакциналауға 6 291 доза вакцина бөлді.
Жалпы республика аумағында биыл 16 370 180 үй құсы жоғары патогенді құс тұмауына қарсы егіледі деп жоспарланған. Алты айда 6 028 810 бас егілді (жылдық жоспардың 37%).
Құс фабрикалары ветеринариялық іс-шараларды күшейтті, олар жабайы және синантропты құстардың жемге, суға және құстар ұсталатын үй-жайларға жақындауына жол бермейді.