Біз Қазақстанның табиғи, мәдени игілігіне үлес қосқымыз келеді - Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким.
ERNUR.KZ. 2020 жылы 26 қарашада QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі мен Kaspi.kz компаниясы ынтымақтастық пен серіктестік меморандумына қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.
Екі тарап қоршаған ортаны қорғау, экология ахуалын жақсарту, ғылымды дамыту, заманауи инфрақұрылым салу мен ұлттық табиғи парктердің территориясын абаттандыру мақсатында күш біріктіруге келісті.
"Біз Қазақстанның табиғи, мәдени игілігіне үлес қосқымыз келеді. Жоба аясында біз ғылыми зерттеулерге және білім беру бағдарламаларына қаржылай көмектесеміз. Отбасымыз, балаларымыз еліміздің көрікті мекендеріне тамсануы үшін біз ұлттық парктердің дамуына атсалысып отырмыз. QazaqGeography-мен бірге өскелең ұрпаққа еліміздің игілігін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз", - дейді Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким.
Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және компания басшысы Михаил Ломтадзенің сөзінше, Kaspi.kz миссиясы - сүйікті клиенттерінің өмірін жақсарту.
"QazaqGeography-мен бірігіп бастап жатқан жоба соған сай келеді. Әрбіріміз табиғат сұлулығын жақсы көреміз, саламатты өмір салтын сақтаймыз. Біздің мақсатымыз қарапайым – клиенттеріміз бен олардың отбасы, бүкіл қазақстандық ұлттық парктерге сүйсіне кіруі үшін, экологиялық туризмге қызығушылық арттырып, заманауи инфрақұрылым жасау үшін QazaqGeography-ге көмектескіміз келеді", - дейді Михаил Ломтадзе.
QazaqGeography бірлестігінің басқарма төрағасы Орман Нұрбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - кез келген табысты компанияның ажырамас бөлігі екенін айтады.
"Kaspi.kz-тің ұлттық табиғи байлығымызды сақтап, дамытуға атсалысуы азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. Біздің ортақ ісіміз Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасын дәріптеуге, қоршаған ортаны сақтауға, ерекше қорғалатын табиғи территорияларды, Қазақстандағы экотуризмді дамытуға бағытталады", - дейді Орман Нұрбаев.