«Яғни, бөлінген қаржыны барынша тиімді жұмсап, оны шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға беру керек».
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға да назар аударды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«ОНЫНШЫ. Әлеуметтік салағаайрықша назар аударған жөн. Реформа жүргізген кезде әлеуметтік көмектің кімгежәне қалай берілетінінтүгел қайта қарау қажет. Яғни, бөлінген қаржыныбарынша тиімді жұмсап, оны шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға беру керек.
Қазіргі таңда төрт жарым миллионға жуық адаммемлекеттенәлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар.
Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарғакөмек берілуі қажет», - деді президент.
Президенттің айтуынша, жалпы, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн. Себебі, мемлекеттен көмек алу үшінтабысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар екен.
«Әлеуметтік көмекті кімге беру қажеттігі адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуға тиіс. Бұл мәселеде бір нақты шешім қабылдау қажет.
Азаматтарды еңбекпен қамту – халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың маңызды бағыты. Қазір Еңбекпен қамту орталықтары жаңғыртылып жатыр. Осы жұмысты уақтылы аяқтау қажет. Оларға нақты нәтижесіне қарай, яғни жұмысқа орналасқан адам санына байланысты ақы төлеген жөн. Үкімет барлық амал-тәсілді зерделеп, халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа кешенді үлгісін ұсынуы керек», - деді Қ.Тоқаев.