Жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қонақжайлық көрсетіп, мазмұнды келіссөз жүргізгені үшін БАӘ Президенті Шейх @MohamedBinZayed алғыс айтамын. Келіссөз қорытындысы бойынша маңызды келісімдерге қол қойылды»,- деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, жексенбі күні Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.