Бұл Патриархтың Съезге үшінші рет қатысуы.
Кездесуде дінаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Патриархқа Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жұмысына қатысқанына және осы маңызды форумның мақсат-міндеттерін ілгерілетуде көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді. Бұл Патриархтың Съезге үшінші рет қатысуы.
Патриарх бейбітшілік, келісім және өзара құрмет сынды құндылықтарды ілгерілету үшін әлем көшбасшылары батыл шешімдер қабылдауының маңыздылығына тоқталды.
Құрметті қонақ Съезд қорытындысы әлемде бейбітшілікті одан әрі нығайтудың нақты бағдарларын әзірлеуге ықпал ететініне сенім білдірді.