Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірінің "Diwan Amiri" сарайына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.