​Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде асықпау керек екенін тағы ескертті

0
880

Былтыр да Тоқаев латын әліпбиіне көшу жөніндегі тіл реформасын жүргізуге асықпау қажет екенін мәлімдеген.


​Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде асықпау керек екенін тағы ескертті

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде асықпау керек екенін тағы ескертті, деп жазады ERNUR.KZ.

“Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы да қателесуге құқымыз жоқ. Бір мысал келтірейін... Кириллицада көптеген сөзде «ы» деген әріп бар. Мысалы, «ырымшыл» деген сөзде үш «ы». Біз оны автоматты түрде «у» деп жазатын болдық. Сонда «ырымшыл» деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады?»
Былтыр да Тоқаев латын әліпбиіне көшу жөніндегі тіл реформасын жүргізуге асықпау қажет екенін мәлімдеген.
Батыс ақпарат құралдары Қазақстанның латын әліпбиіне көшу жоспарын "орыс әлемінен аулақтау" деп атаған.