Қасым-Жомарт Тоқаев өртке қарамастан Қостанай облысына жұмыс сапарымен барады

0
670

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі​ парақшасында жазды.


Қасым-Жомарт Тоқаев өртке қарамастан Қостанай облысына жұмыс сапарымен барады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?» - деген сауалдар келіп жатыр.

Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады.

Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр», - делінген жазбада.