Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
1 252


Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.