Президенттің еңбек демалысына шыққаны туралы 2 тамызда белгілі болған еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Президенттің еңбек демалысына шыққаны туралы 2 тамызда белгілі болған еді.