Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
ERNUR.KZ. Қатты жел Жезқазған музыкалық колледжінің шатырын ұшыртып әкетті, деп жазады inbusiness.kz.
Төтенше жағдай 26 маусым күні сағат 16:25-те болды. 112 пультіне Жезқазған музыкалық колледжі ғимаратының шатыры қатты жел салдарынан ішінара құлағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Облыстық ТЖД қызметкерлері шақырту орнына келгеннен кейін оқиға фактісі расталды.
“Алдын ала ауданы 400-500 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.