Қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшіріледі

0
443

Президенттің сөзінше, бүгін біздің алдымызда армиямызды өзгертудің күрделі міндеті тұр.


Қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшіріледі

ERNUR.KZ. 5 мамырдағы Бүкілармиялық кеңесте мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшірілетінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Президенттің сөзінше, бүгін біздің алдымызда армиямызды өзгертудің күрделі міндеті тұр. Бұрын болмаған жаңа гарнизондар, әскери қалашықтар мен заставалар салып жатырмыз. Ел аумағын жедел жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшіріледі. Бұл үлкен жұмыстың бар жауапкершілігін тек күш құрылымдарына арту дұрыс емес. Үкімет пен әкімдіктер әскери инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде жәрдемдесу керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.