Қазақ тіліндегі заң жобасындағы 422 қате: Министрлік депутаттар сынына жауап берді

0
812

Заң жобасына ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi әзірлеген.


Қазақ тіліндегі заң жобасындағы 422 қате: Министрлік депутаттар сынына жауап берді

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының мәтінінде кездесетін қателерге түсініктеме берді, деп жазады kaz.nur.kz.

14 мамырда сенаттың жалпы отырысында депутаттар бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының қазақ тіліндегі мәтінінде көптеген қате жіберілгенін мәлімдеген еді.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi әзірлеген заң жобасына ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргiзу барысында 422 қате табылған.


"Бұған жай үйреншiктi жағдай деп қарауға, көңiл аудармай өтуге болмайды деген ойдамын", - деді депутат.


Бүгін, 15 мамырда ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заң жобасының мәтінінде кездесетін қателерге түсініктеме берді.

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңда және заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларында заң жобаларын әзірлеу кезінде сақталатын нақты ережелер қарастырылған. Міндетті талаптардың бірі - заң жобаларын ғылыми-лингвистикалық сараптау. Бұл жағдайлар бейбіт жиналыстар туралы заң жобасын әзірлеу кезінде ескерілді, заң жобаларының мәтіні парламентте талқылануға дейін екі рет қажетті тексеріс пен лингвистикалық сараптамадан өтті. Ғылыми-лингвистикалық тексеріс нәтижесі бойынша барлық ескерту ескеріліп, қателер түзетілді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.


Министрлік заң жобалары парламентке ұсынылған кезде оларға ілеспе құжаттар, оның ішінде ғылыми-лингвистикалық сараптама қорытындысы қоса берілетінін атап өтті.

Ведомствоның ақпаратынша, сенат депутаттары айтқан қателер бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының бастапқы нұсқасында кездескен. Заң жобалары парламентке жіберілгенге дейін бұл қателер жойылған.