Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқу ғимараты берілді

0
233

Соңғы рет университетке ғимарат 1986 жылы берілді.


Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқу ғимараты берілді

ERNUR.KZ. Болашақ ұстаздарды даярлау мен еліміздегі университеттік ғылымды дамыту мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу корпусы берілді, деп жазады baq.kz.

Ауданы 12 000 шаршы метрден асатын оқу корпусында жаңа форматтағы педагог кадрларды сапалы даярлау және озық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті 40-тан астам оқу кабинеті мен ғылыми зертханаларды іске қосу жоспарланған.

Соңғы рет университетке ғимарат 1986 жылы берілді. Жаңа оқу корпусы университеттің білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге, студенттердің оқу жағдайларын, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Атап өтейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылы құрылған, қазіргі таңда құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар, 8600 студент оқиды.