"Қазақфильмдегі" өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым - Сағынтаев

0
641

"Қазақфильмде" өрт шықты.


ERNUR.KZ. 14 тамыздың түнінде Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясы аумағында өрт болған еді. Алдын ала таратылған мәліметке қарағанда, онда "Томирис" фильмінің декорациясы жанған, деп жазады baq.kz.

Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ресми мәлімдеме жасады.
"Қазақфильмде" өрт шықты. Аумағы 400 ш.м ошақ 23:10-да, екінші 200 ш.м ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым, - деп жазды Twitter-дегі парақшасында қала әкімі.
Еске сала кетсек, өрт туралы хабарлама 14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден келіп түскен.