Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынған жоба бүгін көрерменге жол тартты.
ERNUR.KZ. Балаларға арналған қазақ тілді контентті дамыту керек. Осы мақсатта бірнеше жобаның тұсауы кесілді. Соның бірі ертегілерді видеоформатта дайындап ютуб желісіне шығару, деп жазады 24.kz.
Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынған жоба бүгін көрерменге жол тартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш ай бойы 112 қазақша ертегі ютубқа жүктеледі. Жас көрермен жалықпас үшін жаңа форматта жасалған контент кез келген адамға қолжетімді.
"Өз күшімізбен, ешқандай қаражатты жұмсамай осы азаматтық белсенділгімен патриоттар жасады. Бұл балаларға істеліп жатқан дүние ғой. Ешқандай коммерциялық жоба емес. Адамдардың өз еркімен балалар үшін істеп жатқан жұмысы", - дейді қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Ғалымжан Құсманғали.